$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Судьядан бірнеше рет ескерту алған Бишімбаевтың адвокатына қатысты сот шешімі шықты

Сот шешімі бойынша адвокаттың жеке шағымы қанағаттандырылмады

Судьядан бірнеше рет ескерту алған Бишімбаевтың адвокатына қатысты сот шешімі шықты
Фото: t.me/Jogargy_sot

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау барысында бірінші сатыдағы сот оның адвокаты Ерлан Ғазымжановқа жеке қаулы шығарды. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Бишімбаевтың сот отырысында оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья тарапынан бірнеше рет ескерту алған болатын.

«Адвокат Ерлан Ғазымжанов іс жүргізу кодексінің талаптарын біле отырып, судья айтқан талаптарға бағынбай, сот отырысы залында тәртіпті бұзды. Осылайша, адвокат судьяға құрметсіздік танытып, сотқа немқұрайлы қарады. Адвокаттың атынан түскен жеке шағымның дәлелдері расталмады, өйткені төрағалық етуші судья ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 57-бабының талаптарын сақтай отырып сот отырысын өткізді», - делінген хабарламада.

Осылайша, Астана қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен адвокат Е.Ғазымжановқа қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды, яғни адвокаттың жеке шағымы қанағаттандырылмады.

Астана сотының хабарлауынша, аталған акті заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары