26.05.2024, 18:11
Жаңалықтар
Волейболдан Қазақстан құрамасы Филиппиндегі турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстан финалға шығу үшін Филиппин құрамасымен шеберлік таластырады
Фото: Instagram/@avcvolley
Филиппинде әйелдер командалары арасында волейболдан өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosport.kz-ке сілтеме жасап.
Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері В тобындағы соңғы ойынын Гонконг құрамасымен өткізді.
Бұдан бұрын Вьетнамға 1:3 есебімен есе жіберген қазақстандықтарға жартылай финалға шығу үшін жеңіс ауадай қажет еді.
Қазақстан құрамасының капитаны, Орал волейболының түлегі Сана Анарқұлова бастаған қазақстандықтар жанкүйерлерін жерге қаратпай, 3:0 (25:17, 25:18, 25:4) есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан финалға шығу үшін Филиппин құрамасымен шеберлік таластырады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді