25.05.2024, 20:50
Жаңалықтар
Шымкентте нөсер жауыннан бірнеше жолды су басып қалды
Бүгін бірқатар өңірде күн бұзылып, нөсер жауын жауды
Фото: t.me/qr_tjm
Шымкентте нөсер жауыннан бірнеше жолды су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Шымкент қаласында орын алған нөсер жауыннан Темірлан тас жолы мен Ахунбабаева көшесінің қиылысында көпір асты жолды су басып қалды. Жаңбыр суының тереңдігі 50 см құрап отыр.
Судың бағытын бұру жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД және қалалық қызметтердің күштері жұмылдырылды.
Айта кетейік, бүгін бірқатар өңірде күн бұзылып, нөсер жауын жауды. Ақмола облысы аумағына қар жауып, жолдар жабылды.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
