Атырау облысында Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды

Azattyq Rýhy

Талдыкөл ауылының тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп жоқ

Атырау облысында Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды
Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысында су тасқыны қаупіне байланысты Талдыкөл ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Талдыкөл елді мекенінің 1200-дей халқы бар және тұрғындары толықтай эвакуациялау ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні Талдыкөл ауылына кірме жолды су шайып кетуіне байланысты тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Эвакуацияланған тұрғындарды Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жатақханасына орналастырылатын болады. Сонымен қатар, өткен тәуліктен бері 100-ге жуық тұрғын туысқандарының үйіне кетті. Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда», - делінген хабарламада.

Талдыкөл ауылының тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп жоқ.

Құтқарушылар тобы ауыл тұрғындарын қайықпен тасымалдауды жалғастыруда.

Жағдай бақылауда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.