$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық Surbana Jurong компаниясына алғыс айтты

Сондай-ақ Президент G4 City арнайы экономикалық аймағын «Alatau арнайы экономикалық аймағы» деп өзгерту туралы шешімді мақұлдады

Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық Surbana Jurong компаниясына алғыс айтты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның кешенді жоспарын әзірлегені үшін сингапурлық Surbana Jurong компаниясына алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сондай-ақ бұл бастаманың әлеуеті зор екеніне сенім білдіріп, Сингапур бизнесінің өкілдерін осы жобаға белсенді қатысуға шақырды.

Алматы облысының әкімдігі Caspian Group акционерлік қоғамымен және Surbana Jurong компаниясымен бірлесіп, өңірде G4 City қаласын дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасын дайындады.

Биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Іле ауданында облыстық маңызы бар Алатау қаласы құрылды. Үкімет Алатау қаласының Бас жоспарын бекітіп, Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекараларын өзгертті. Сондай-ақ Президент G4 City арнайы экономикалық аймағының аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін ұлғайтып, оның атауын Alatau арнайы экономикалық аймағы деп өзгерту туралы шешімді мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары