«Ұлы дала жорыға-2024»: төртінші күннің қорытындысы
Төртінші кезең жеңімпазы: Жетісу облысы
22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді-мекені маңында аяқталды.
Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
100 км:
Жетісу облысы - 07:20:07
Маңғыстау облысы - 07:20:34
Алматы қаласы - 07:28:46
Жамбыл облысы - 07:29:12
Астана қаласы - 07:34:25
Қарағанды облысы - 08:04:49
СҚО - 09:03:49
Ұлытау облысы - 09:10:22
Қостанай облысы - 09:52:36
Абай облысы - 09:53:05
Ақмола облысы - 10:08:18
Түркістан облысы - 10:43:22
«Рекорд» командасы.
400 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ
Жетісу облысы - 27:01:13
Маңғыстау облысы - 27:33:50
Алматы қаласы - 28:00:24
Жамбыл облысы - 29:13:59
Астана қаласы - 30:43:01
Қостанай облысы - 31:41:31
Қарағанды облысы - 31:54:12
СҚО - 34:12:56
Ақмола облысы - 34:29:41
Абай облысы - 36:22:21
Түркістан облысы - 37:10:06
Ұлытау облысы - 37:23:37
«Рекорд» командасы.
Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.