Қосшыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Azattyq Rýhy

Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының тарихында тұңғыш рет 200 орындық мәдениет үйі ашылды

Қосшыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов мәденит және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сала мамандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалада тұратын өнер және мәдениет қайраткерлері, саланың үздік мамандары әкімнің қолынан сыйлық алды. Олардың арасында ақын Ұларбек Нұрғалымұлы, танымал айтыскер Еркебұлан Қайназаров және қаланың басқа мәдениеттің майын ішіп, жілігін шағып жүрген майталман азаматтар, ардагерлер бар.

Мәдениет — ұлттың болмысы, рухани тамыры. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым өкілдері. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт — дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қосшы —зиялы қауым өкілдерінің ордасы десек те болады. Бұл бағытта Қосшыда жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Осы жылдың басында Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының тарихында тұңғыш рет 200 орындық мәдениет үйі ашылды. Замануи ғимаратта көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге арналған бөлмелер бар. Онда вокалдық, би, домбыра, кітапхана мен коворкинг кеңістігі ашылған. 

Бұдан бөлек Қосшы қаласында Қазақстанда баламасы жоқ жаңа қоғамдық мәдени-спорт орталығы салынып жатыр. Нысан үш негізгі аймақтан — білім беру, мәдени және спорттық аймақтардан тұрады деген жоспар бар. Білім беру блогына робототехника, кескіндеме, тігін және қыш жасау студиялары, шахмат, информатика мен математиканы үйрететін сыныптар, балаларға арналған егіншілік сабақтар үшін қысқы бақ, ерте даму орталығы және мектепке дейінгі білім беру кеңістігі кіреді.

Айта кетсек, елімізде 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері аталып келеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.