Иран президенті тікұшағының апатқа ұшыраған жері табылды

Azattyq Rýhy

Алайда ауа райының қолайсыздығы құтқарушыларға апат болған жерге жетуге кедергі келтіруі мүмкін

Иран президенті тікұшағының апатқа ұшыраған жері табылды
Azin Haghighi/AP

Іздеу-құтқару топтары Иран президенті Ибрахим Раисидің тікұшағын тапты. Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хусейн Коливанд мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Тікұшақ табылды, біз сол жаққа қарай бет алдық», - деді ол IRIB эфирінде.

Euronews-тің хабарлауынша, оқиға болған жерден экипаж мүшелерінің бірінің ұялы телефонынан сигнал алынған. Бұл туралы Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысының айтты.

Ауа райының қолайсыздығы құтқарушыларға, альпинистерге және Қызыл Жарты Ай қызметкерлеріне апат болған жерге жетуге кедергі келтіруі мүмкін.

Апат Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.