Әлемдегі қауіпсіз ел саналатын Аустрияда жастар арасында қылмыс өршіп тұр

Azattyq Rýhy

Бұл елде көше қылмыскерлері жасарып барады

Әлемдегі қауіпсіз ел саналатын Аустрияда жастар арасында қылмыс өршіп тұр
Фото: Euronews

Аустрия мемлекетінде жастар арасында қылмыс көрсеткіші көбейіп барады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі саудасы, зорлау, пышақтап кету – Венаның атышулы Фаворитен ауданында күрт көбейді.

«Мұнда көптеген ұлт өкілі тұрады және үнемі бірнәрсе болуы мүмкін. Сол себепті ылғи да сақ болып жүру керек», - дейді Фаворитен ауданының тұрғыны Доринел Маринел Лазар.

Еуропаның кейбір елдері сияқты Аустрияда да көше қылмыскерлері жасарып барады.

«Фаворитенде полиция күн сайын жастарды қару-жарақ бар-жоғын тексеріп, қылмыстың көбеюіне жол бермеуге тырысады. Үкімет сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік жасын 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Дегенмен, көптеген сарапшылар түрмелерде жастарды қылмыстық жауапкершілікке тарту процесі жағдайды тек ушықтырады деп санайды», - деді Euronews тілшісі Йоханнес Плешбергер.

Құзырлы органдардың мәліметінше, жастар арасындағы қылмыс көбейіп барады. Кәмелетке толмағандар пышақ ұстап, тіпті атыс қаруын асынып жүреді.

«Жастар тарапынан жасалатын қылмыстардың көбейгенін байқап отырмыз. Мәселе, ең алдымен, шабуыл, ұрлық, мүлікке зиян келтіру. Полиция, әрине, қылмыс жасалғаннан кейін профилактикалық және жастармен жұмыс істеу арқылы шаралар қолдануға тырысады», - деді Фаворитен полициясының өкілі Филипп Хас Лингер.

Сарапшылар алдағы Еуропарламент сайлауына қауіпсіздік жағдайы мен қылмыстың өсуі әсер ететіні сөзсіз деп есептейді.

Аустрия әлемдегі ең қауіпсіз елдер индексінде бесінші орында тұр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.