$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр 300-ден аса адам экстремистердің әрекетінен зардап шекті

Өткен жылы бұл көрсеткіш 9 пайызға артқан

Былтыр 300-ден аса адам экстремистердің әрекетінен зардап шекті
Фото: Bild

Германияда өткен жылы 327 адам экстремистердің әрекетінен зардап шекті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 2023 жылы экстремистік топтардың зорлық-зомбылық қылмыстары саны 9%-ға (2022 жылмен салыстырғанда) өсіп, 916 жағдайға жеткен. Осы зорлық-зомбылық әрекеттерінің салдарынан 327 адам зардап шексе, 2022 жылы олардың саны 228 болған.

Германияның ішкі істер министрлігінің дерегінше, радикалды қозғалыстарды 36,5 мыңға жуық қолдайды. Олардың төрттен бірі зорлық-зомбылыққа бағытталған. 2023 жылы экстремистік топтар ең көп қылмыс жасаған федералды штаттар Берлин мен Солтүстік Рейн-Вестфалия болды.

«Бүкіл қалаларды электр қуатынан ажыратқан Бранденбургтегі электр желісінің өртенуіне көңіл бөлсек, экстремистер тіпті энергетикалық жүйенің жұмысын бұзудан да қорықпайды. Мұндай әрекеттер көптеген адамға қауіп төндіреді. Медицина сияқты өмірлік маңызды салаларда электр қуаты өшіп қалса, бұл адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін», - деді Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер.

Оның айтуынша, Германияның қауіпсіздік органдары экстремисттерге қарсы қатаң шаралар қабылдайды. Сонымен бірге, ішкі істер министрлігінің мәліметінше, экстремистік топтар климатты қорғау топтарын конституцияға қайшы әрекеттерге көбірек тартуға тырысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары