$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қастандық жасалған премьер-министрдің жағдайы жақсарып келеді – дәрігерлер

Оған 71 жастағы зейнеткер оқ атқан

Қастандық жасалған премьер-министрдің жағдайы жақсарып келеді – дәрігерлер
Фото: Bild

Қастандыққа ұшыраған Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер кезекті рет екі сағаттық ота жасады. Словакияның денсаулық сақтау министрі Зузана Долинкованың айтуынша, бұл ота «үкімет басшысының денсаулығына оң болжам жасауға» ықпал етті.

Айта кетейік, Словакияның премьер-министрі 15 мамырда Гандлова қаласында сайлаушылармен кездесуі кезінде ауыр жарақат алды. Үкімет басшысына 71 жастағы зейнеткер жақын жерден тапаншамен бірнеше рет оқ атқан.

Үкімет қызметкерлері бастапқыда Фицоның жағдайын «ауыр» және «өте ауыр» деп сипаттаған. Қазір жағдай оң жаққа өзгерген. Алайда Фицоның өз қызметіне қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Вице-премьер Роберт Калинак Фицоның жағдайы оны әзірге Братиславаға жеткізуге мүмкіндік бермейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары