Астанада «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтті

Azattyq Rýhy

Қазақстанда аутистикалық спектрінің бұзылыстары бар 16 700 бала

Астанада «Run for autism» қайырымдылық марафоны өтті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Астанада «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Оған 2 мыңнан астам адам аутизмі бар балаларды қолдап, Астанада өткен қайырымдылық марафонына қатысты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиналған 13 млн теңгеге жуық қаражат балабақшаларда аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабИнеттерін ашуға бағытталады.

Қайырымдылық жүгірістің мақсаты – аутизм туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, аутизмі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды жасау.

Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда аутистикалық спектрінің бұзылыстары бар 16 700 бала болса, оның 3 479-ы елордада тұрады. ДДҰ деректеріне сәйкес әлемдегі әрбір 54-ші балада аутистикалық спектрдің бұзылуы бар.

2015 жылдан бері «Болашақ» қоры Қазақстанның 22 қаласында мектептер мен балабақшаларда 57 инклюзияны қолдау кабинетін ашты. Аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 800-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды.

Жүгіріс 1 км., 2,5 км., 5 км. және 10 км. төрт қашықтық бойынша өтті. Қатысу бағасы 5 990 теңгеден бастап 8 990 теңгеге дейін болды. Қайырымдылық жүгіріске Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Орал, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау, Екібастұз, Степногорск, Талдықорған, Шахтинск, Ақтөбе, Семей, Арқалық, Атырау, Қостанай қалаларынан барлығы 2330 адам қатысты. Жүгіріске кәсіби және әуесқой спортшылар, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар, дамуында ерекшеліктері бар 120 бала, ата-аналар және т.б. қатысты.

Мәреге жеткен барлық қатысушылар естелік медальдарға ие болды, ал әр қашықтық бойынша жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Іс-шара шегінде аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізілді.

«Run for autism — бұл аутизм бойынша зерттеулерді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама.

Қазақстандағы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі 2023 жылғы 27 сәуірде алғаш өткізілген еді. Іс-шараға республикамыздың 7 қаласынан 1 100-ден астам адам, оның ішінде даму ерекшеліктері бар  96 бала қатысты.

Жүгіріс қорытындысы бойынша 7 млн тг қайырымдылық қаражат жиналды. Жиналған қаражатқа «Болашақ» қоры Астана қаласындағы №54, №60 и №66 балабақшаларында үш инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтады.

Аутистикалық спектрінің бұзылыстары бар 18 бала осы кабинеттерде дәріс алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.