15.05.2024, 08:22
Жаңалықтар
Бүгін Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі
«Қазтелерадио» АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді
Фото: istockphoto.com
Бүгін, 15 мамыр күні Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Осыған байланысты, биыл 15 мамырда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген «Қазтелерадио» АҚ хабарламасында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
