Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1967 адамға жетті
21 сәуір сағат 12:30-ғы жағдай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы 18 адамға артып, 1967-ні құрады деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Жаңа деректер Шымкент (11), Алматы (1), Қарағанды облысы (2), Алматы облысы (3) және Түркістан облысында (1) тіркелген.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 390 адам, Алматы қаласында – 669 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 65 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 53 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 33 адам, Маңғыстау облысында - 13 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 68 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 25 адам, жалпы 1949 науқас тіркелді», - делінген шұғыл штаб таратқан хабарламада.