21.04.2020, 03:50
Жаңалықтар
Семейде көппәтерлі үйден өрт шығып, 11 отбасы баспанасыз қалды
Оқиға орнынан 39 адам эвакуацияланған
Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 20 сәуір түнгі сағат 02.00 шамасында Мелькомбинат көшесіндегі екіқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Анықталғандай 18 пәтерлі үй төбесінің ағаш құрылымдарын жалын шарпыды. Салдарынан екінші қабаттағы 4 пәтердің төбесі құлаған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрады.
«Сол жерден 39 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала бар. Зардап шеккендер болған жоқ. Бұл үйде 41 адам тұрады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өрт сағат 05.28-де толықтай сөндірілген. ТЖБ өкілдерінің дерегінше, тілсіз жаудың кесірінен қазіргі уақытта 11 отбасы баспанасыз қалған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды