$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жайық өзені әлі күнге дейін тасып жатыр

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті

Жайық өзені әлі күнге дейін тасып жатыр
Фото: Видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігі Жайық өзеніндегі жағдай туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді.

«ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізуде. ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді», - делінген хабарламада.

Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келуде. «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

  • Атырау – 538 см. Тәулігіне: + 5 см;
  • Индербор ауданы – 1033 см. Тәулігіне: +7 см;
  • Махамбет ауданы – 955 см. Тәулігіне: +16 см.

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі арту күтілуде.

Серіктес жаңалықтары