11.05.2024, 15:15
Жаңалықтар
Кеңес-Жапон соғысында қолданылған: Жаңаарқада тарихи тапанша жер астынан табылды
Газетке оралған қару жер қойнауында 100 жыл көмулі жатқан
Фото: Polisia.kz
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жапониялық Намбу тапаншасы Жаңаарқа ауданында үй жағдайындағы қарапайым құрылыс барысында жер астынан табылды.
Газетке оралған қару жер қойнауында 100 жыл көмулі жатқан. 14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император армиясының офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған.
Құнды экспонатты музейге Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков табыстады.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)