Бассейн түбінде ес-түссіз жатқан: жасөспірімді құтқарға полицей марапатталды
Ол 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымын атқарып келеді

Қызылорда облысы ҚАЖД бастығы бассейнге батып кеткен жасөспірімді құтқарғаны үшін «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Айта кетейік, ҚАЖД бастығы бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқап, бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шығып, жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында ес-түссіз жатқан жасөспірім бала аман қалған.
Адам өмірін құтқарып, көзсіз ерлік көрсете білген Шаймерден Есенкелдиев 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымын атқарып келеді.