Амстердамда студенттер палестиналықтарды қолдап, шеруге шықты

Azattyq Rýhy

Наразылық акциясын полиция күшпен таратты

Амстердамда студенттер палестиналықтарды қолдап, шеруге шықты
Фото: Euronews

Нидерландтың Амстердам қаласында студенттер палестиналықтарды қолдап, шеруге шықты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерланд полициясы Амстердам университетінің маңында палестиналықтарды жақтаған наразылық акциясын күшпен таратты.

Израильдің Рафахтағы әскери операциясы туралы жаңалықтардан кейін Амстердам университетінің студенттері наразылық ретінде үстелдерден, қоршаулардан және ағаш паллеттерден баррикадалар тұрғыза бастады. Олар университеттен Израильмен барлық байланысты үзуді талап етіп, бірнеше кампус ғимаратына кіруге тыйым салды.

Наразылық білдірушілер университет жұмыс істейтін израильдік мекемелер палестиналықтарға қысым жасаудан пайда көреді дейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.