09.05.2024, 08:58
Жаңалықтар
Түркістан облысында демалып жүрген ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болды
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тиісті тексерулер жүріп жатыр
Фото: freepik.com
Қайғылы оқиға Түркістан облысының тауларында болды. Ер адам кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі таулы аймақта демалып жүрген 1973 жылы туған ер адамның жүрегі тоқтап қайтыс болды. Оқиға бір топ азамат демалып жатқан тау баурайында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, топ мүшелерінің бірі жүрек тұсында қатты ауырсынуды сезген.
Дереу жедел жәрдем шақырылғанмен, ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тиісті тексерулер жүріп жатыр.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
