$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірнеше өңірде үсік күтіледі – «Қазгидромет»

Бірнеше облыста өрт қаупі сақталады

Бірнеше өңірде үсік күтіледі – «Қазгидромет»
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ күтіледі.

«Еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстік-батыста, шығыста – тұман», - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

7-13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру ықтималдығына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

Серіктес жаңалықтары