Шабуыл кезінде қаза тапқан: ІІМ екі офицердің ерлігін 31 жылдан кейін мойындады

Azattyq Rýhy

Тәуелсіздік жылдары ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған

Шабуыл кезінде қаза тапқан: ІІМ екі офицердің ерлігін 31 жылдан кейін мойындады
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы күні атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшыларға құрмет көрсетілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді.

«Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз!» – деді Ержан Саденов.

Марқұм Анатолийдің марапатын – «Ерлігі үшін» медалін бауыры Юрий Добрынин алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.