Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды – БАҚ

Azattyq Rýhy

Мұндай шешім қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылды

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды – БАҚ
Фото: gov.kz

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Nege.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздегі дереккөздің хабарлауынша, дүйсенбі күні бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.  Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қантардағы жағдайдан кейін Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалған болатын. Кейінірек ол  ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.