$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы «Таза Қазақстан» науқанына белсенді қатысып жатыр

Партиялықтар 120 көшетін отырғызды

«AMANAT» партиясы «Таза Қазақстан» науқанына белсенді қатысып жатыр
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Бүгін «AMANAT» партиясының белсенділері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Астанада қалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында өтті. Мұндағы мақсат – аумақтарды абаттандыру және тазарту. Бұл туралы Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбілікке Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Партиялықтар Әл-Фараби даңғылы бойындағы учаскеге қарағай, қайың, жөке ағашы және сағызқарағайдың 120 көшетін отырғызды.

«Таза Қазақстан» науқанына «AMANAT»-тың 4 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар Рухының» волонтерлері алғашқы күннен-ақ қосылып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін ретке келтіруге көмектесуде. Әркез еліміздің барлық өңіріндегі партиялықтар саябақтарды, скверлерді, аулаларды, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді тазалайды. Сондай-ақ сенбілікке шығып, ағаш егеді және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.

Жалпы, партиялықтар ел аумағында 55 мыңнан астам ағаш отырғызды.

Серіктес жаңалықтары