Оралда өзенге батып бара жатқан ер адам құтқарылды
Осыған дейін өзенге батып бара жатқан адамға бірнеше рет ескерту жасалған
Орал қаласында суға батып бара жатқан тағы бір ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешкі уақытта суға кете жаздаған жергілікті тұрғынды ажалдан құтқаруға Ұлттық ұлан қызметкерлері, еріктілер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де көмектесті.
«Осыған дейін өзенге батып бара жатқан адамға бірнеше рет ескерту жасалыпты. БҚО полиция департаменті ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес құқық қорғау органы мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау заңға қайшы екенін еске салады. Мұндай құқықбұзушылық жасаған адамға 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алынады», - делінген хабарламада.
Видео: Polisia.kz