$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Киік санын реттеуге қатысты жаңа бұйрық жобасы жарияланды

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді 

Киік санын реттеуге қатысты жаңа бұйрық жобасы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің киік санын реттеумен байланысты бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл құжат арқылы санын реттеуге жататын жануарлардың түрлерін алып қоюға рұқсат беру қағидаларына өзгеріс енгізу көзделген.

Бұйрық жобасы саны реттелетін жануар түрін алып қоюға мемлекеттен рұқсат алу үшін жазылатын өтінім үлгісіне және сол өтінім негізінде рұқсат беру құжатының үлгісіне өзгеріс енгізуге арналған.

«Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы және шекарасы» деген тармақтың аяғына (ақбөкеннің санын реттеуді қоспағанда) дейтін қосымша тіркес енгізілмек.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары бұл өзгеріс киік санын реттеу саясатындағы соңғы өзгерістермен байланысты ұсынылып отырғанын айтады.

Бұйрықтағы өзгеріс киік атуға рұқсатты шектегенімен тыйым салу болып есептелмейді. 

Құжат 8 мамырға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары