$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады.

Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары