Қостанайда су тасқынынан зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсетілді
Өтініш берушілерді біржолғы көмек көрсету және өтемақы төлеу мәселелері қызықтырды
Қостанайда «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Құқықтық көмек көрсету орны Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының ғимаратында орналасқан эвакуациялық пункт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көшпелі тақырыптық қабылдауға қатысушылар құрамына Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, Қостанай адвокаттар алқасының адвокаттары Александр Лебедев және Жанар Шопагулова, нотариустар Бауржан Садуев және Бидаш Нұрмакова, Қостанай облысының «Заңгер» заң консультанттары палатасының мүшелері Аида Серикова және Алина Айтова кірді.
Өтініш берушілерді су тасқынынан бүлінген мүлікке біржолғы көмек көрсету және өтемақы төлеу мәселелері қызықтырды.
Бірқатар өтініш берушілердің жағдайын қиындататын нәрсе-көптеген өтініш берушілер су астында қалған жылжымайтын мүліктің иелері емес. Бірқатар түйіткілдің түйінін шешумен қатар,
кәсіби заңгерлер кез келген жағдайда тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдарға материалдық залалды өтеу туралы өтінішпен жүгінуге кеңес берді.
Сондай-ақ, азаматтарға кез-келген заңгерлік сұрақтар бойынша «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жүгінуге болатынын еске салды.