$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылды

Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы жақсы нәтижемен стационардан шығарылды

Қазақстанда тіркелген тырысқақ ауруының ошағы жойылды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген тырысқақ жағдайы ошағы жойылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

 «Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері – теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды. Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті. Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапарлауды жоспарлап отырған адамдарға ұсыным беру маңызды», - делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары