16.04.2024, 07:34
Жаңалықтар
Степногор қаласында мемқызметкерлерге 13,4 млн теңге негізсіз сыйақы берілген
Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады
Фото: istockphoto.com
Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады. Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген.
Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.
Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақшаны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы