14.04.2024, 20:20
Жаңалықтар
«Жеке басы анықталмаған»: Атырауда Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото: istockphoto.com
Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін табылған мүрденің жеке басы анықталмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Сол кезде сүңгуірлер 2008 жылғы жасөспірімді бір айдан астам уақыт іздеп, таба алмаған еді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды