Каспий теңізіндегі браконьерлік: ҰҚК 2,1 млрд теңгеден астам залалдың алдын алды
Каспий акваториясында жедел-алдын алу іс-шаралары өтіп жатыр

2024 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметі мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Ресей мен Әзербайжанның шекара ведомстволарымен бірлесіп Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғау жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларының кезекті кезеңін өткізіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бірлескен іс-қимыл басталғалы бері барлығы 39 шағын қайықта 63 бұзушы ұсталып, 187 км браконьерлік аулау құралдары алынды. Шамамен 3 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
«Табиғи тіршілік ету ортасына 1041 бекіре тұқымдас балық, 14 659 әртүрлі тұқымдас балық және 63 итбалық жіберілді. Мемлекетке келтірілетін 2,1 млрд теңгеден астам залалдың алдын алдынды.
Каспий акваториясын қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.