Қарағандыда болған ұшақ апатынан екі адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қажетті ем алатын болады

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында құлаған МиГ-31 әскери ұшағы апатынан екі сарбаз зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ұшақ апатынан 2 сарбаз жарақат алды. Олар Хафиз Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауыр. Олар қажетті ем алатын болады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшыраған еді.