06.04.2024, 07:10
Жаңалықтар
Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ – ТЖМ
Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге ғана қауіп бар
Бейнеден кадр
Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге ғана қауіп бар. Жарылған су бөгеті көктем уақытында тасқын суды ұстап тұруға арналған. Сол үшін Қазақстанға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Су біздің аумағымызға кірмейді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында су бөгеті жарылған болатын.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді