05.04.2024, 22:13
Жаңалықтар
Астанада және еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алматы, Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауады
Фото: istockphoto.com
Астанада және еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Осылайша, Астана, Атырау, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауады.
6 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл болады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды