04.04.2024, 23:32
Жаңалықтар
Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде тұман түсуі ықтимал
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның жеті облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман болжанып отыр.
Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды