$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Крокус сити холдағы» теракт: үш күдікті ұсталды

Олардың барлығы Орталық Азия аймағынан шыққан иммигранттар

«Крокус сити холдағы» теракт: үш күдікті ұсталды
Фото: РИА Новости/Максим Блинов

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Мәскеу, Екатеринбург және Омбы қалаларынан «Крокус сити холдағы» лаңкестік әрекетке қатысы бар үш күдікті ұстады. Бұл туралы РФ ФҚҚ-ның қоғаммен байланыс орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 22 наурызда«Крокус сити холл» кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке қатысы бар Ресей азаматы мен екі шетелдік азамат Мәскеу, Екатеринбург, Омбы қалаларында ұсталды. Олардың барлығы Орталық Азия аймағынан шыққан иммигранттар», - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталғандардың екеуі лаңкестік әрекетте пайдаланылған қару-жарақ пен көліктерді сатып алу үшін ақша аударғаны, үшіншісінің лаңкестік әрекетке сыбайластарды тартуға және оны іске асырушыларды қаржыландыруға тікелей қатысы бар екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары