03.04.2024, 22:46
Жаңалықтар
Ертең Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады
Фото: istockphoto.com
Ертең, 4 сәуір күні Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-да «Цинмин» мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 4 сәуірде қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлады.
«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деді ведомстводағылар.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
