01.04.2024, 14:26
Жаңалықтар
Өскеменде жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды
Қазіргі уақытта оның неден көз жұмғаны анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Өскемен қаласында 3 ай бұрын жоғалып кеткен қарт кісінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
74 жастағы азамат қала іргесіндегі Согра кентінде тұрған. Үйінен белгісіз бағытта шығып сол күйі оралмаған. Оны соңғы рет ауылдастары 7 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында көрді.
Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен волонтерлер тартылды. Алайда зейнеткерді табу мүмкін болмады.
«Зейнеткердің денесі Согра кентіндегі ашық аумақтан табылды. Қазіргі уақытта оның неден көз жұмғаны белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды