01.04.2024, 12:00
Жаңалықтар
Жамбыл облысында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Оның эпицентрі Меркі ауылының оңтүстігінде орналасқан
google.com/maps/ парақшасынан скриншот
1 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 11:14-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 308 шақырым жерде Жамбыл облысы аумағында - Меркі ауылының оңтүстігінде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2, MPV магнитудасы 5,3, тереңдігі 25 шақырым болды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
