Теміртау қаласына төтенше жағдай режимі енгізілді

Azattyq Rýhy

Оң жағалау бағытында су беру тоқтатылды

Теміртау қаласына төтенше жағдай режимі енгізілді
Фото: varlamov.ru

Теміртау қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған қаланың оң жағалауындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесіндегі технологиялық бұзылу себеп болған. Жағдайды су тасқыны қиындатып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, 29 наурызда «Аква-Трейдинг» ЖШС кезекші тобы Ду 200 дюкерінің (Нұра өзені) зақымданғанын анықтады. Оң жағалау бағытында су беру тоқтатылды.

«Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырының учаскесінде болған технологиялық бұзушылыққа байланысты осы аумаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа ала отырып, төтенше жағдай жарияладым. Оның аясында ауыз суды тез арада қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Таурбеков Instagram парақшасында.

Теміртау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын учаскенің өзен арнасында орналасуы қиындатып отыр. Маусымдық су тасқыны салдарынан жөндеу бригадаларының оған қатынауы да қиын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.