Көлеңкелі экономика 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін төмендейді - ҚМА
Бұл көрсеткіш еліміздің Ұлттық даму жоспарында да бекітілген
ҚМА мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Көлеңкелі экономикамен күресудің кешенді жоспарын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың маңыздылығын атап, оны 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін төмендетудің тетіктерін тілге тиек етті. Айта кетейік, бұл міндетті Мемлекет басшысы алға қойған болатын.
Бұл көрсеткіш еліміздің Ұлттық даму жоспарында да бекітілген.
Отырыс барысында атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 2021-2022 жылдардағы көлеңкелі экономика деңгейі Ұлттық жоспарда айқындалған көрсеткіштен орта есеппен 1,4%-ға алда келе жатқаны атап өтілді.
ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Мемлекет басшысы жүктеген міндетті жүзеге асырудағы тиімді құралдардың бірі – Кешенді жоспар екенін атап өтті.
«Тараптар бәсекелестікті қорғауды күшейту және өнімсіз делдалдарды жою мәселелерін де талқылады. «Самұрық-Қазына» қорының құқықтық қамтамасыз ету, қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Николай Казутин атап өткендей, Қор компанияларының бәсекелестік сатып алуларға міндетті қатысуы бөлігінде «Самұрық-Қазына» қоры сатып алу рәсімін өзгертуге ынталы, бұл сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге бәсекелестіктің және дұрыс баға белгілеу саясатын нығайтады. Қ.Бижанов Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары тармақтарын жүзеге асыру ел басшылығының уәкілетті органдардың алдына қойған басты міндеті болып, артық шығындарды азайтуға бағытталғанын баса айтты», - делінген хабарламада.