28.03.2024, 22:01
Жаңалықтар
Ақтөбе облысы Темір ауданында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетіледі
Фото: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Темір ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының хаттамасы негізінде Темір ауданы аумағында 28 наурыздан бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қардың көп мөлшерде еруі 25 наурыздан байқалып, 28 наурыз күні Ойыл, Темір, Бабатай өзендері өз арнасынан шығып, Шұбарқұдық, Алтықарасу, Қайыңды, Саркөл ауылдық округтеріне қарасты елдімекендерде тұрғын үйлерді су алды.
Қазіргі таңда су тасқынына қарсы күресте тиісті жұмыстар атқарылуда. Зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетін болады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы