26.03.2024, 18:02
Жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды
ҚР Президентінің жарлығы жарияланды
Фото: t.me/bort_01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының бірқатар төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жарлығына сәйкес:
- Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
- Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды