25.03.2024, 23:18
Жаңалықтар
Теннисші Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті
Фото: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Сан-Луис-Потоси (Мексика) челленджер турнирінің іріктеу сайысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Іріктеу сатысында 1-ракетка болып тіркелген Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 825-орында тұрған мексикалық Алан Фернандо Рубио Фьерростың мысын басты.
Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.
Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында рейтингіде 476-сатыдағы германиялық Эльмар Эюповичпен кездеседі. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
