$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында такси жүргізушісін тонамақ болған адам бірнеше жылға сотталды

Оқиға 7 қаңтарға қараған түні болған

Қостанай облысында такси жүргізушісін тонамақ болған адам бірнеше жылға сотталды
Фото: Видеодан скриншот

Биыл қаңтар айында Қостанай облысына такси жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға 7 қаңтарға қараған түні тіркелген. Көліктің артында отырған мас адам жүргізушінің мойнына пышақ тақап, 20 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Бірақ такси жүргізушісі әдейі қатар келе жатқан полиция көлігіне соғылған. Нәтижесінде қаскөй ізін жасыруға тырысқанымен полиция қызметкерлері оны ұстап алды.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оған мүлкі тәркіленбей, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Ал жәбірленуші мен оның өкілі сотталушының келтірілген залал мен моральдық шығынды толық өтеуін ескере отырып, сотталушыны қатаң жазаламауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеген.

Айыпталушы кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеген.

Нәтижесінде сот сотталушыны кінәлі деп танып, 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары