Астана тұрғындары Ресей елшілігіне гүл шоқтарын қойды
Арнайы көңіл айту кітабы ашылды
Астана қаласының тұрғындары Ресей Федерациясының елшілігіне гүл шоқтарын қойып, көңіл айту жазбасын қалдырып жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мәскеуде болған террорлық актіге байланысты көңіл айтқысы келетіндер қатары көбейіп жатыр. Сол себепті Ресейдің Қазақстандағы елшілігі арнайы көңіл айту кітабын ашты. Көңіл айту орны Ж.Тәшенов көшесі тарапынан Елшіліктің консулдық бөліміне кіре берісте орналасқан», - деп хабарлады елшілік өзінің ресми сайтында.
Елшілік мәліметінше, көңіл айту кітабы 23 наурыз сағат 18.00-ге дейін ашық болады.
Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған шабуылдан Мәскеуде болған шабуылдан қаза тапқандар саны 115-ке жетті. Қанды шабуылды көп ұзамай ИГИЛ содырлар ұйымы өз мойнына алғаны хабарланды.