23.03.2024, 14:49
Жаңалықтар
Мұз үстіндегі қауіпсіздік: құтқарушылар қазақстандықтарға ескерту жасады
Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 см болуы керек
Фото: ТЖМ
Көктем шығып, қар ери бастағаннан бері мұз үстіндегі қауіп те күшейе түсті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға қауіпсіздік ережелеріне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құтқарушылар мұздың еру кезеңінде су айдындарында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында елордалық құтқарушылар рейдтік іс-шаралар өткізді.
Астана қаласы ТЖД мұздың еруі кезінде қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды еске салады, атап айтқанда:
- мұздың нәзік және жұқа жерлеріне шықпаңыз;
- қараңғыда және қолайсыз ауа райында мұзға шықпаңыз;
- секірмеңіз немесе мұздың беріктігін соққылармен тексермеңіз;
- дұрыс емес жерде мұзды кесіп өтпеңіз;
- су қоймасын адамдар тобымен кесіп өту кезінде бір-бірінен кемінде 5-6 метр қашықтықты сақтау қажет;
- мұзда ашық от жағуға болмайды;
- мұзда балық аулау кезінде бір учаскеде 2 тесіктен артық бұрғылауға болмайды.
«Есіңізде болсын, бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек», - дейді құтқарушылар.
Көп оқылған
17.03.2026, 10:54
Қазақстандықтар 31 күн ішінде қандай төлем жасамаса, айыппұл төлейтіні белгілі болды
17.03.2026, 15:43
«4,5 млн теңге пара алған»: Бақытгүл Хаменова түрмеге қамалмайтын болды
17.03.2026, 15:17
Алматыда курьер лифтінің ішіне дәрет сындырып кетті (ВИДЕО)
17.03.2026, 08:45
«Наурыз» ипотекасына өтініш қабылдау уақытша тоқтады