21.03.2024, 18:10
Жаңалықтар
Су тасқынының алдын алу: ШҚО-да мұз жару жұмысы жүріп жатыр
ШҚО өзендерінде профилактикалық мұзды жару жұмыстары жалғасуда
Фото: Видеодан скриншот
ШҚО өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
21 наурызда Коробиха ауылында Бұқтырма өзенінде мұз кептелісін болдырмау мақсатында жару жұмыстары жүргізілді.Мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 12000 шаршы метрді құрады.
«Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған жарылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқарушылармен бірге бірлесіп жүргізілді. Алдын алу шаралары мұз кептелісінің алдын алу үшін қажет», – деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды