Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейстері төрт есе көбейетін болды

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсі ұшады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейстері төрт есе көбейетін болды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесу өткізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

«Келіссөздер барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.